33
Қайғылы жағдай, 12 наурыз күні түнгі уақытта Қабанбай батыр көшесі 11-ші үйде орын алған.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, марқұм екі досымен бірге ішімдік ішкен. Соңы жанжалға ұласқан. Нәтижесінде, күдікті, зейнеткерді ұрып-соғып, терезеден лақтырып жіберген. Түрлі дене жарақатын алған ол, оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
Қазіргі таңда, құқық қорғау қызметкерлері 66 және 44 жастағы ер азаматтарды ұстады. Олар, уақытша қамау изоляторына жабылды.
Айта кетейік, марқұм 77 жаста еді.