Шымкент жолдарын күтіп ұстауға жауапты 100-ден астам заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, мегаполисте жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері 2347 шақырым жолды зерделеген. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, тиісті орындарға 1100 нұсқама беріліпті.
“Сондай-ақ, жолдарды күтіп ұстауға жауапты 105 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 13 лауазымды азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 462, 630, 631, 632- баптарында көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін хаттама толтырылды” делінген мәліметте.
Айта кетейік, қазіргі таңда шаһардағы магистралды жолдарда: Дулати, Қазыбек би, Алматы тас жолы, Желтоқсан, Адырбеков, Тәуке хан даңғылы және 13 ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.