Қала прокуратурасы салық заңнамасының сақталуы және «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұрудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесінде жосықсыз компаниялар 6,4 миллиард теңгеден астам сомаға нақты жұмыстарды орындамай, жалған шот-фактура беру фактілері анықталды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігімен (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) қылмыстық іс қозғалып, Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.
Сонымен қатар мемлекетке келтірілген залалды өндіру мақсатында қала прокуратурасымен сотқа 4 талап арыз берілді, олар қаралу сатысында.
Прокуратураның қадағалау актісінің қаралу нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.