67
Шымкент қалалық полиция департаментіне тұрғындардың бірінен шұғыл қоңырау түскен. Ол, өз хабарламасында қыздың суицид жасамақшы болғанын жеткізген. Тез арада оқиға орнына жеткен патрульдік инспектор, Мейіржан Барат азаматшаны құтқарып қалған.
Тәртіп сақшысы көпір қоршауынан шығып тұрған қызды бірден ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды.
«Қуанышқа орай, мен жақын жерде болдым. Үлгердім. Оқыс оқиға болмады. Бұл – менің міндетім»,- деп қысқа қайырды офицер.
Қазіргі таңда тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.