«Өскемен әуежайы» АҚ-ның бұрынғы басшылығы аса ірі көлемде қаржы жымқыру ісі бойынша тергеуге алынды

32

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Өскемен әуежайы» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында акционерлік қоғамның бұрынғы президенті мен өзге де қызметкерлері бес жыл бойы жүйелі түрде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, заңсыз табыс көздерін жасыру әрекеттерін жүзеге асырғаны анықталды.

Атап айтқанда, олар еңбекақыны негізсіз өсіру, жалған сыйақылар мен шарттар жасау арқылы ақша қаражатын жымқырған. Бұл қаражат кейін касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сонымен қатар, қоғамға тиесілі көлік құралдары бухгалтерлік есептен негізсіз шығарылып, олардың нарықтық құнынан бірнеше есе төмен бағада сенімді тұлғаларға сатылған.

Тексеру нәтижесінде коммерциялық нысандардың да төмендетілген жалдау ақысы және шындыққа сәйкес келмейтін жалға берілетін аумақ көлемі арқылы заңсыз жалға берілгені анықталды.

Аталған заңбұзушылықтар салдарынан мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 157 миллион теңгені құрады.

Сот санкциясымен күдіктілердің 126 миллион теңге тұратын мүлкіне (оның ішінде 4 пәтер, жер учаскесі және 2 автокөлік) тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу материалдары сотқа жолданады.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады
Келесі пост
Ақмола облысында бұрынғы есепші аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu