Өскеменде туберкулезден қайтыс болғандар саны артқан

108

2024 жылы Өскеменде туберкулезден болатын өлім-жітім жағдайы 40 пайызға артқан. Яғни, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ШҚО денсаулық сақтау басқармасы туберкулез бойынша алаңдатарлық жағдайды тіркеп отыр. Нақтырақ айтар болсақ, аталмыш диагнозбен он адам қайтыс болған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Сейтахматова YK-newskz-ке берген сұқбатында мәлімдеген.

“Биыл бізде туберкулезбен ауыратын он адам қайтыс болды. Олардың арасында өмірде ешқашан біздің есебімізде болмаған адамдар болды. Бірақ аутопсия кезінде өлімнен кейінгі зерттеу олардың басқа аурулармен қатар туберкулезбен ауырғанын көрсетті. Қайтыс болған он адамның екеуінде өлімнің себебі басқа суперинфекцияның болуы болды – АИТВ. Олар СПИД-тің төртінші клиникалық сатысынан қайтыс болды. Екеуінде туберкулез және қант диабеті болды. В және С гепатиттері, бауыр циррозы, алкогольді тұтыну нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің зақымдануы. Осы он адамның біреуі екі жыл флюорографиядан өтпеді, қалғандары үш жылдан он жылға дейін. Бұл адамдар емханаға қаралмаған, медициналық көмекке жүгінбеген”, – деді Гүлжан Сейтахматова.

Дәрігердің мәліметіне сәйкес, алты ай ішінде медицина қызметкерлері 23 мың 683 Манту сынамасын жасаған. Нәтижесінде, туберкулездің екі жағдайын тіркеген. Тәуекелі жоғары топтар арасында флюорография жүргізіліп, 28 мың 155 адамнан, аурудың 84 жағдайын анықталған.

Алдыңғы пост
Аты алашқа әйгілі Шәмші Қалдаяқовтың күмбезі қараусыз қалған
Келесі пост
ДСМ маймыл шешегіне қатысты мәлімдеме жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu