Трамп өзінің 2024 жылғы сайлауға қатысу ықтималдығы жоғары екенін мәлімдеді

217

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауға қайта қатысу ықтималдығы жоғары екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Саясаткер жоспарларын “жақында” ашуға уәде берді. “Мен екі рет сайлауға түстім. Мен екі рет жеңіске жеттім, ал екінші рет біріншіге қарағанда едәуір жақсы нәтижеге қол жеткіздім, 2020 жылы 2016 жылмен салыстырғанда миллиондаған дауыс көп жинадым”,-деді ол.

Трамптың айтуынша, ол АҚШ-ты табысты және қауіпсіз елге айналдыруға ниетті. “Дайын болыңыз. Бар айтарым осы. Жақында”, – деп қосты ол.

Бұрын The Washington Post газеті Трамп 2024 жылғы сайлауға қатысатынын жариялауға асықпайды деп болжаған, бұл көбінесе конгреске жақын арада өтетін сайлауға байланысты серіктестерінің өтініштері бойынша болған еді. Бұрынғы мемлекет басшысының өзінің ниетін тікелей жарияламаса да, Президенттік жарысқа қатысқысы келетінін бірнеше рет айтқан.

Алдыңғы пост
Футболдан әлем чемпионатын қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады
Келесі пост
​Жамбылдық келін енесінің атынан несие рәсімдеп, сазға отырғызып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu