Әскердегі әлімжеттік: Президент соққыға жығылған сарбазға араша түсті

212

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жыққандарды ұстау үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұлан сарбазының пойыз вестибюльінде белгісіз біреулердің соққыға жығуы туралы бейнежазбаны қарап шықты. Ол ішкі істер министрі Ержан Сәденовке шабуыл жасағандарды ішкі заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін оларды ұстау бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды», — деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Ішкі істер министрлігі тез арада видеодағы азаматтарды анықтады. Оқиға 2023 жылдың күзін айында, сарбаздар әскери борышын өтеп үйлеріне қайтып бара жатқан кезде болған. Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, күні кеше, әлеуметтік желіде ұлттық ұланның сарбазын пойызда ұрып-соғып жатқандардың видеосы тараған болатын.

Алдыңғы пост
«Zara» және «OYSHO» тауар белгілерін рұқсатсыз пайдаланған кәсіпкерге 2 млн айыппұл салынды 
Келесі пост
Елімізде 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu