Әскерге бармағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

141

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл күзде әскер қатарына шақырылған 20 мыңнан астам азамат отан алдындағы борышын өтеу қажет. Егер, бұл жігіттер міндетін өтемеген жағдайда, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

“Әскери қызметке шақырылған азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру комиссиясына келуге міндетті”, – деп басып айтты ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев.

Егер хабарлама алған азамат әскерге бармаса, мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартқаны үшін заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Десе де, әскердегі кейбір олқылықтарға, кісі өліміне, суицид мәселелеріне қарап, көпшіліктің жүрексініп отырғаны рас. Әр ата-ана бауыр еті баласының қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Алдыңғы пост
Астанада мектеп асханасындағы тамақ сапасы тексерілді
Келесі пост
Қазақстан мен Австрия арасында тікелей әуе рейсі іске қосылмақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu