490
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінің дерегінше, қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні орын алған. Оның денесі өз үйінен асылып қалған жерінен табылған.
Офицер Қызылордадан осы әскери бөлімге жақында ғана келген екен.
«19 қыркүйекте жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, офицер өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.
Ал туыстары, өзіне-өзі қол салған деген ақпаратқа сенбей отыр. Өйткені, марқұмды екі жыл қызмет етуге келісімшартпен шақырған.
Айта кетейік, қыркүйек айында әскерилерге қатысты бірнеше қайғылы оқиға орын алды.