Әскери бөлімде тағы суицид оқиғасы тіркелді: Офицер өзіне қол салды

415

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінің дерегінше, қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні орын алған. Оның денесі өз үйінен асылып қалған жерінен табылған.

Офицер Қызылордадан осы әскери бөлімге жақында ғана келген екен.

«19 қыркүйекте жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, офицер өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Ал туыстары, өзіне-өзі қол салған деген ақпаратқа сенбей отыр. Өйткені, марқұмды екі жыл қызмет етуге келісімшартпен шақырған.

Айта кетейік, қыркүйек айында әскерилерге қатысты бірнеше қайғылы оқиға орын алды.

Алдыңғы пост
Шымкентте үндістандық жігіттердің мәйіті табылды
Келесі пост
Абай облысында шахтада тау-кен опырылып, бір адам қаза тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu