Әскери қызметші адам өлтіргені үшін сотталды 

199

Абайсызда адам өлiмiне әкеп соғу фактісі бойынша айыпталған әскери қызметшіге қатысты үкім шықты деп хабарлайды ҚР Әскери соты.

Ақмола гарнизоны әскери сотымен ҰҰ «Б» арнайы мақсаттағы бөліністің әскери қызметшісі Е. қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкіміне сәйкес, әскери қызметші Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 462-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Нақтырақ айтар болсақ, сотталушы «Е» әскери бөліністің басқада әскери қызметкерлерімен бірге, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу үшін, жүргізуші сержант «Ч»-ның басқаруындағы қызметтік автокөлікпен кездесу пунктіне келген.

Аталған кездесу пунктінде ҰҚК өкілдерін күту кезінде, сотталушы «Е» жүргізуші «Ч» артындағы жолаушылар орындығында отырып, қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамай, қылмыстық немқұрайлылық түрінде әрекет ете отырып, адамға өлім келтіру ниетісіз, абайсызда жүргізуші орындығында отырған сержант «Ч» тарапына екі рет жауынгерлік қарудағы патрондармен оқ атқан.

Нәтижесінде Ч. өлімге алып келген денсаулыққа «АУЫР» зиян келтірген.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
Келесі пост
Билікті басып алу және сепаратистік әрекеттері үшін екі азамат сотталды 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu