Сорбұлақта жоғалған үшінші адамның денесі табылды

15

12 тамызда су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Нұрланұлы Амангелдінің денесі табылды. Тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты – 295 сағат.

Қаза тапқан ұшқыштардың үшеуі де Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі. Әріптестері марқұмдарды әрдайым көмекке дайын, қайырымды, әрі жанашыр азамат ретінде еске алады.

Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштерінің басшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 10 тамыз күні экипаж командирі майор Нұржігіт Қайратұлы Үйсінбаевтың денесі табылған болатын.

11 тамыз күні іздеу топтары авиациялық эскадрилья авиациялық буынының борт технигі капитан Бақтияр Сәниоллаұлы Ержігітовтің денесін тапты

Алдыңғы пост
Жаңа оқу жылынан бастап білім беру процесіне  кезең-кезеңімен AI элементтері енгізіледі
Келесі пост
Студенттер үшін жатақхана мәселелері жөніндегі ахуалдық орталық іске қосылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu