Орал түрмесіндегі сотталушылар басқа өңірлерге көшірілді. Су басу қаупі туындауына байланысты, жазасын өтеушілер колоннамен эвакуацияланған.
БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты осындай шешім қабылданған.
«№ 27 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Атап айтқанда, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді», – деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, су тасқыны салдарынан 82 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Апатты жағдай орын алғалы 111 194 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 39 222 бала құтқарылды. Тартылған әуе кемелерімен 3 575 адам, оның ішінде 1 157 бала. Ал, 11 950 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналастырылды.