55 күнде 5555 шақырым: қарағандылық азамат халықаралық веложарысын аяқтады

628

​Қарағандылық әуесқой велосипедші Ернат Мелсұлы 55 күнде 5555 шақырым жүріп өтті. Ол өзінің велошеруін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнады, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Марафон Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде, 5 қыркүйекте, мерейтой иесінің отаны Ақкөл ауылында басталып, Ыстамбұлда аяқталды.

– Менде екі міндетті шарт болды: біріншісі – 5-ші қыркүйекте, Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде марафонымды бастау, екіншісі – Ұлт ұстазының туған ауылынан жолға шығу, – дейді Ернат Мелсұлы.

– Менің сапарымның 60%- ы, 3000 шақырымнан астамы Қазақстанның төрт өңірі – Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өтті. Содан кейін мен Кутаисиге (Грузия) ұштым.

Мен Қара теңіз бойымен 600 км жүрдім. және Түркия шекарасын кесіп өтіп, Ердоғанның туған қаласы Ризеге жеттім.

Түркияда веломарафоншы Трабзон, Орду, Самсун, Чорум, Кале, Анкара қалаларында болып, оны Қазақстан елшілігі, Бурса және Ыстамбұл қарсы алды.

– Мен іс жүзінде 5585 км жүрдім. Бірақ есте қалу үшін және әдемі сан болуы үшін өзім жоспарлағандай, 55 күн ішінде 5555 км өттім деп қалдырдым.

Мен велотурымды таэквондодан жеті дүркін әлем чемпионы Алаштың ұлы Мұстафа Өзтүрік зиратында аяқтадым.

Көрнекті спортшының үйін көрдім, қазір оның оқушысы Джемал Кабадайи басқарып жүрген атақты тұлғаның өзі құрған мектепке бардым. Мұстафа Өзтүріктің ұрпақтары маған кубок пен медаль сыйлады, – дейді веломарафоншы.

Велосипедпен Ернат жыл бойы, 12 ай жүреді және халықаралық марафонды аяқтағаннан бетте жаңа маршруттар жоспарлап отыр.

– Менің мақсатым – бүкіл әлемді темір тұлпарыммен айналып өту. Стратегия – маршруттарды қайталамау. Енді мен Шығысқа барғым келеді. Келесі жылы Сұлтан Бейбарысқа 800 жыл толады, велошеруімді соған арнауды жоспарлап отырмын. Мен Ақтоғайда бастаймын және Египетте, Каирде аяқтаймын. Мұнда ол 17 жыл билік еткен. 2024 жылы Стамбулдан Парижге жетуді көздеп отырмын. Онда жазғы Олимпиада ойындары өтеді, ал екінші себеп – Мұстафа Өзтүріктің 70 жылдығы болады. Ол бірінші болып Германияда, Түркияда және Қазақстанда таэквондоны танымал ете бастады, – дейді Ернат.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Ернат Мелсұлы 9 сағат 56 минутта 150 шақырымды жүріп өтті. Велошеру Қазақстанның рекордтар кітабына алғашқы қысқы веломарафон ретінде енді.

Алдыңғы пост
Достық-Мойынты учаскесінің екінші жолының салынуы өткізу қабілетін 5 есеге арттырады
Келесі пост
Шымкенттің инвестициялық әлеуеті күн санап артып келеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu