Студент қыздың мәйіті табылды: Кісі өліміне қатысты іс қозғалды

20

Түркістан облысында колледж студенті қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысының Торткөл ауылында колледждің 1-курс студенті, қыздың зорланып, өлтірілгені туралы ақпарат әлеуметтік желіде 6 маусым күні тарады.   Желі қолданушылары арасында, бұл қылмысқа бірнеше адамның қатысы бар деген анонимді хабарламалар да, желдей есті.

Облыстық полиция департаменті аталған деректі растады. Ведомство мәліметінше, марқұмның мәйіті табылған, ал күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қазіргі таңда бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде» – деді жауаптылар.

Алдыңғы пост
Қазақстандықтардың жеке дерегі заңсыз сатылып кеткен 
Келесі пост
Абай облысында прокуратура 43 млн теңгеден астам қарыздың өтелуіне ықпал етті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu