Студенттер үшін жатақхана мәселелері жөніндегі ахуалдық орталық іске қосылды

18

Қазақстанда студенттердің жатақханаға орналасу мәселесін шешуге көмектесетін ахуалдық орталық өз жұмысын бастады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, 10 мыңға жуық орын тапшылығы бар Алматыдан басқа өңірлердің көпшілігінде жатақханалардағы орын мәселесі шешілген.

«Бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі. Үш жыл бұрын тапшылық 88 мың орынды құраса, қазір ол 10 мыңға дейін қысқарды»,- деп атап өтті министр.

Ахуалдық орталық өткен аптада жұмысын бастады. Егер жатақханадан орын берілмесе немесе қоныстануда қиындықтар туындаған жағдайда барлық курс студенттері орталық қызметіне жүгіне алады. Қажет болған жағдайда ЖОО аралық үйлестіру шеңберінде студенттер бос орындары бар басқа оқу орындарының жатақханаларына жіберіледі.

Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған студенттерге, мәселен, түнде келген, жатақханаға қоныстанбаған студенттерге дағдарыс орталығынан 55 орын бөлінген. Уақытша орналастыру үшін жылына үш рет тексеруден өтетін хостелдер де қарастырылған.

«Біз бірде-бір студент көшеде қалмауы керек деген қағиданы негізге алдық. Бұл үшін барлық қажетті шаралар қабылданды»,- деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ахуалдық орталықтың байланыс нөмірлері:

+7 (700) 255 14 43

+7 (700) 950 95 28

+7 (727) 237 01 70

Алдыңғы пост
Сорбұлақта жоғалған үшінші адамның денесі табылды
Келесі пост
7 қазақстандық азамат терроризм үшін сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu