Табиғи апат салдарынан, 6 өңірде электр жүйесінен мәселе туындаған. Яғни 5 мыңдай абонемент жарықсыз отыр. Қазіргі таңда оны жабдықтауға қатысты жұмыстар жүргізілуде дейді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
“Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін азайды. Ақтөбе облысында абоненттер саны 5,5 мыңнан 13 абонентке дейін азайған. Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында шектелген абоненттер 4 есе, ал Атырау облысында 3 есе азайды. Солтүстік Қазақстан облысында апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 5 мың абонент су деңгейі төмендеген соң жарыққа қосылады, “- деді министр.
Сөзіне сүйенсек, төтенше жағдайдың салдарын жоюға 9 мыңнан аса энергетик маман, 2 145 арнайы автотехника тартылған. Сондықтан, бұл жағдай реттеледі деп отыр.