251
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, екі жасөспірімнің де телефоны тексеріліп, суицид ойынына қатысу фактісі анықталмаған. Қазіргі таңда, қыздардың хат алмасуы, кіммен сөйлескендігі тексеріліп жатыр.
Бұған дейін марқұм қыздардың туыстары, олардың осы қадамға баруына интернет ойындары себеп болуы мүмкін деген еді.
Естеріңізде болса, Алматы облысы, Алмалы ауданында 7-сыныпта оқитын екі қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап, көз жұмған болатын.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасында қыркүйек айы басталғалы бері, 4 өзіне-өзі қол жұмсау фактісі орын алған.