22
Қарағанды қаласы, Тернопольская көшесінде өрт оқиғасы орын алды. Оқиға орнына дер кезінде жеткен құтқарушылар газ баллонды алып шығып, мүмкін болған жарылыстың алдын алды.
Ресми ақпарат боцынша, жеке тұрғын үйдің шатырына төселген ағаш құрылымдары жанған. Өрттің жалпы ауданы 40 шаршы метрді құраған.
Облыстық ТЖД құтқарушыларының жедел әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер бір газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды.
Өрттің шығу себебі анықталуда.