37
Түркияның Балыкесир провинциясында жойқын жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы 6,1 баллды құраған зілзаладан 16 ғимарат қирады.
Құтқарушылар қиранды астынан 4 адамды аман алып шықты. Алайда 81 жастағы жергілікті тұрғын ауруханада алған жарақаттарынан көз жұмды. Жалпы, жер сілкінісінен 29 адам түрлі деңгейде зардап шеккен.
Дүмпу елдің 11 провинциясында, соның ішінде Ыстамбұлда да қатты сезілген. Билік тарапынан төтенше жағдай режимі енгізіліп, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.
Жергілікті тұрғындардан сақ болу және ресми ақпарат көздеріне ғана сену сұралуда.