12
Түркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық істі тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың сыбайласын ұстады. Ол, көрші шет мемлекеттен келген азамат.
Күдікті Қазақстан шекарасынан өту кезінде «Капланбек» шекаралық бақылау пунктінде қолға түскен. Оның жанынан SIM-box құрылғысы табылған. Тергеу деректеріне сүйенсек, бұл құрылғы алаяқтарға Қазақстан азаматтарымен түрлі отандық мобильді нөмірлер арқылы байланыс орнатып, өздерінің нақты мекенжайын жасыруға мүмкіндік берген.
Қазіргі уақытта шетел азаматының басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.