363
Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, пәтерінен ақша ұрланғанын айтқан.
Жәбірленуші ер адамның айтуынша, белгісіз біреу оның үйінің кіреберіс есігін бұзып ашып, қонақ бөлмеде тұрған 1,2 млн ақшасын ұрлап кеткен.
Полицейлер қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына дереу жетті. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмысқа қатысты адам анықталды. Ол Жетісай қаласының тұрғыны, жас қыз болып шықты.
«Қазіргі уақытта осы факті ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіден заттай дәлел ретінде ұрлаған ақшаның бір бөлігі тәркіленді» делінген облыстық ПД хабарламасында.