Түркістан тұрғыны Шымкентте 1 тоннаға жуық темір ұрлап кеткен

Теги: , , ,
148

Шымкентте түркістандық ер адам 1 тоннаға жуық темірді қолды еткен. 

Полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, үйінің ауласынан құрылысқа қажетті 1 тоннаға жуық темір-терсек ұрланғанын айтып арызданған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы “Үй-жайға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық” бойынша тіркелді.

Жедел- іздестіру жұмыстары барысында полицейлер жақын маңдағы бейнекамераларды тексеріп, ықтимал куәгерлерден жауап алған. Нәтижесінде оқиға болған уақытта осы маңнан өткен күдікті жүк көлігі көзге түскен. Жүргізуші ер адам өз жауабында жүк тасымалдау қызметін көрсететін такси жүргізушісі екенін, соңғы рет бұл маңнан клиенттің шақыртуымен темір-терсек әкетіп, оны арнайы қабылдайтын орынға жеткізіп бергенін көрсеткен. Ал темір қабылдаумен айналысатын кәсіпкер  қылмыс болған күні бейтаныс біреуден 1 тоннаға жуық темірді сатып алғанын жеткізген.

“Полицейлер көрсетілген бағыттамалар бойынша күдіктінің жеке басын анықтап, оны қала аумағында құрықтады. 34 жастағы түркістандық тергеу барысында өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Жинақталған іс-құжаттар, айғақтармен сотқа жолданды” деп хабарлады полициядан.

Сот айыпталушыға 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды толық өтеу міндеттелді.

Алдыңғы пост
Шымкенттік жүргізуші 3 млн-ға жуық айыппұлын төлеуден жалтарып жүрген
Келесі пост
«Ерекше кәсіп». Жетісайлық қария пластикалық бөтелкеден жіп өндіріп отыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu