Талғар өзенінен әйел адамның мәйіті табылды

233

Марқұмды біреулер өлтіріп, өзеннен ағызып жіберуі мүмкін дейді жақындары. Төрт баласы бар келіншек, үй саламын деп, екі жұмысты қатар алып жүрген көрінеді.

“Үйге 3 ағай келді. Оларды бірінші рет көрдім. Олар сағат 22:00-де кетті. Анамның өліміне кінәлі солар ма деп ойлаймын. Анаммен сөзге келіп қалғанын естідім. Ол өзіне қол салуы мүмкін емес. Өйткені анам бізді қатты жақсы көретін. Үй салатынын айтып, “бақытты өмір сүреміз” деп отыратын”, – деді марқұмның баласы.

Анасынан хабар болмаған соң, өздері сабылып іздеген. Алайда, еш хабар болмаған. Кейіннен келген хабар, суық жетті дейді туыстары.

Фото: Almaty.тv

Куәгерлердің айтуынша, азаматшаны соңғы рет дүкеннен көрген. Керек-жарағын сатып алып, сыртқа шыққан соң камера көзінен таса болған. Ал дүкен мен көпір арасындағы қараңғы көшеде не жағдай болғаны әзірге беймәлім екен. Қазіргі таңда, мәйітке сот медициналық сарапатама тағайындалды.

27 мамырда Талғар өзенінен бір әйел адамның мәйіті табылған. Сот-медициналық сараптама нәтижесі алынған соң, процессуалдық шешім қабылдаймыз. Осы факт бойынша куәгерлер болған. Бірге болған адамдармен Талғар ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы Рүстем Жарықбасов.

Алдыңғы пост
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Келесі пост
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына барды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu