Талабын орындамасам, ол менен кек алады. Бұл сөзді Нүкенова құрбысына жазған. Сот процесі барысында Салтанаттың құрбысы арасындағы өзара сөйлесуі жария етілді. Яғни, олардың әлеуметтік желідегі хаттарын Прокурор оқып шықты.
Хатта, Салтанаттың бойында үрейі бар екені көрінеді. Және, оған көнуге мәжбүр болған секілді.
“Оның мені жіберуі екіталай. Әкем де маған оның тыным бермейтінін айтады. Ол ештеңені қаламайды. Онымен тіпті диалогқа да түспеймін. Ол бәріне сәтсіз махаббаты мен менің қаншалықты қорқынышты екенім туралы айтады. Ал мен оған оралмасам, оның барлық талабын орындамасам, кек ала бастайды”, – делінген жазбада.
Айта кетейік, Бишімбаевқа қатысты сот процесі әлі жалғасып жатыр. Әр сот отырысында куәгерлер мен Салтанатпен жақын қарым-қатынаста болған жандар тыңдалуда.