Оқиға, Алматыдағы Сокол автодромында орын алған. Батырхан есімді жігіт жүріп келе жатқан Lamborghini көлігінің үстінен секіруі керек болған. Алайда, азамат, көліктің астында қалды. Ол, түрлі дене жарақатын алып, Іле аудандық ауруханасына жеткізілген. Бірақ, ауыр жарақат салдарынан, өмірмен қоштасты.
Оқиғаға қатысты блогер Бейбіт Әлібеков түсіндірді.
«Батырхан Ержан есімді жігіт менен көлікті қайта-қайта сұрап қоймаған соң, берген едім. Трюк жасап, видеоға түсіремін деп айтқан. Бірнеше рет сұрағаннан кейін көлігімді берген болатынмын. Қайғылы оқиға, трюк жасау кезінде орын алған. Артынша ол ауруханада көз жұмды. Көлігімді бермеуім керек еді. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын”, – деді Әлібеков.
Айта кетейік, трюк жасау кезінде, көлікті 45 жастағы Анатолий Подлипалин басқарған.