Таразда синтетикалық есірткі өндіретін ірі жасырын зертхана жойылды

20

2025 жылдың мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Тараз қаласында синтетикалық есірткі өндіруге арналған ірі жасырын зертхананы анықтап, жою бойынша арнайы операция жүргізді.

Арнайы іс-шара барысында Қазақстан азаматы, қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тінту кезінде, 66 келіден астам мефедрон психотропты зат, 2 тоннаға жуық прекурсор және есірткі өндірісіне арналған зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша, ҚК  297-1-бабы (“Есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз дайындау”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Ақпарат көзі: ҰҚК баспасөз қызметі

Алдыңғы пост
145 жас офицер Қазақстан ТЖМ қатарын толықтырды
Келесі пост
Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu