Шымкентте өтеусіз грант иегерлерінің жобаларының көрмесі өтті

237

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары өтеусіз грант иегерлерінің жобаларының көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды ELITAR.KZ

“Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өз ісін ашуға және сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге өтеусіз мемлекеттік гранттар беріледі. Жалпы еліміз бойынша Азаматтарға гранттар беру жөніндегі жұмыс 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл бастама өз нәтижелерін көрсетіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, аз қамтылған отбасылар санын қысқартуға ықпал етеді”, – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Көрмеге үшінші мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов те келді. Ол 150-ден астам шағын және орта бизнес өкілдері ұсынған жобалармен танысты.

Іс-шараға Шымкент қаласының “өтілі бар”кәсіпкерлері де қатысты. Олар тамақ өнеркәсібі, кондитерлік өнімдер, жиһаз өндірісі, қызметтер және осы бағыттарда жұмыс істейтін жобаларын ұсынды.

Сондай-ақ, көрмеге қатысушылар үшін арнайы ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылды: Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары іс-шара қонақтарына танымал Мемлекеттік бағдарламалар, тегін кәсіптік оқыту, жұмысқа орналастыру, субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алу туралы айтып берді. Бұдан басқа, мекеме мамандары қала тұрғындарын мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармалары көрсететін қызметтер туралы хабардар етті.

Айта кетейік, өткен жылы үшінші мегаполисте 1 195 адам жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға тегін грант алды.

“Олардың арасында мүгедектігі бар азаматтар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар бар. Олардың барлығы осы көрмеде өз өнімдерін қала тұрғындарының назарына ұсына отырып, бизнес ашуға және сол арқылы отбасыларының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік алды. Мемлекет тарапынан қолдау шаралары биыл да жалғасады, ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша 447 тұрғынға 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беру жоспарлануда”, – деп хабарлады Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы.

 

#врамкахгосударственногозаказа

Алдыңғы пост
Шымкентте NEET санатындағы жастар өздерін табуға қалай көмектеседі?
Келесі пост
Салық төлеушілердің назарына!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu