25
АҚШ-тың Теннесси штатында толассыз жауған жаңбыр салдарынан күшті су тасқыны орын алып, үш адам қаза тапты. Тағы бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланды. Табиғи апат әсіресе Чаттануга қаласына қатты әсер етті – мұнда бір тәуліктің ішінде 160 миллиметрден астам жауын-шашын түскен. Бұл – айлық нормадан бір жарым есе көп көрсеткіш.
Қазіргі уақытта құтқарушылар су басқан аумақтардан тұрғындарды қайықпен эвакуациялап жатыр. Аймақта бірқатар жолдар жабылып, жергілікті билік төтенше жағдай жариялады. Халыққа қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы ескерту жасалды.