148
Илон Маск әлеуметтік желісінде арнайы сауалнама жүргізген. Яғни, Харриске дауыс бересіз бе, әлде Дональд Трампты таңдайсыз ба деген сұрақ қойған.
Сауалнамаға 5.8 млн желі қолданушы қатысқан. Дауыс беру нәтижесі бойынша, 73,2 пайызбен Трамп айқын жеңіске жеткен. Ал Камала Харрис болса 26,8 % дауыс жинаған.
Сонымен қатар, FiveThirtyEight жүргізген әлеуметтік сауалнама бойынша Харрис, Трампты басып озған.
Айта кетейік, бұған дейін Президенттікке үміткер Харрис пікірталастан бас тартқан болатын. Бұл туралы Трамптың өзі хабарлаған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Президенттік сайлауы 5 қарашада өтеді.