Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте көз жұмды

Теги: , ,
180

Жол-көлік оқиғасы 17 тамыз сағат 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған.

ВАЗ 21099 автокөлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші Алтынсарин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруымен қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан Toyota көлігі Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан.

Полиция хабарлауынша, жол апатынан Toyota-ның жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты қайтыс болды.

Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы да зардап шегіп,  ауруханаға жеткізілді.

Қылмыстық кодекстің  345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдыңғы пост
Жетісайлық ер адам досының үйіне қонаққа барып, қарт анасын тонап кетті
Келесі пост
Қазақстанға келген әрбір шетелдік турист 1500 доллар табыс әкеледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu