13
Абай ауылының 59 жастағы тұрғыны өлім аузынан аман қалды деп хабарлады ІІМ.
«Әйел абайсызда аяғы тайып кетіп, Ақсай өзенінің арнасына құлап кеткен. Ағысы қатты өзеннен және биік жардан өз бетімен шыға алмаған. Көмекке шақырған дауысын естіген азаматтар дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына бірден жеткен учаскелік полиция инспекторлары Әмірбек Бөбекбай, Мақсат Әбдірайымов және Ахан Ахметов шұғыл шешім қабылдап, әйелді қауіптен алып шықты»,-деп жазылған мәлімдемеде.