303
Естеріңізде болса, көпшілік утильалымға қатысты петиция жариялаған болатын. Яғни, 50 мың адам қол қойылған петиция министрліктің қарауында. Осыған байланысты, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында утилизация алымына қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жиында, утиль алымы процедурасы арқылы жиналған қаражатты бөлудегі ашықтық тақырыбы, сондай-ақ қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің даму болашағы мен оның қазіргі жағдайы айтылды.
Айта кетейік, аталмыш отырысқа депутаттар, министрлік өкілдері, мекеме басшылары, жауапты мамандар қатысты. Алдағы уақытта, утильалымға қатысты, барлық тараптың мүддесіне сай келетін шешім қабылданады деп сенейік.