Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

73

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев, Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі бар. Сондықтан, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

“Біз бұл істі тоқтатқан жоқпыз. Жұмыс белсенді жүргізілуде. Жақын арада шешілетіндігіне сенімдімін. Бізге оның елде жазасын өтегісі келетіні туралы мәлімдемесі келді. Ол өзінің адвокатымен үнемі байланыста. Ол оңай жұмыс емес”, — деді ол.

Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай, 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ. Ал, 2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Араға үш жыл салып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу соты үкім шығарды – жаза өзгеріссіз қалды.

Алдыңғы пост
Украинада соңғы екі жылда 585 бала ажал құшты 
Келесі пост
Испанияда қаза тапқандар саны 500 ден асуы мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu