13
Ақтөбе облысында полицейлер әлеуметтік желілерде тараған бейнероликтерді зерделеп, ондағы жол қозғалысы ережелерін бұзған тұлғаларды анықтады. Видеодағы азаматтардың әрекеттері құқыққа қайшы болғандықтан, оларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу – әкімшілік, ал кей жағдайда, тіпті қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін. Тренд үшін заң бұзуға болмайды! Әлеуметтік желіде танымал боламын деп қайғылы жағдайға тап болудан сақ болыңыздар! Қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау – баршамызға ортақ міндет.
Полиция азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз орындауға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырады.