Қызылордада сантехника шығаратын жаңа зауыт салуға €70 млн тартылады

34

Қызылордада санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын ірі зауыт салынады.

Жоба испаниялық Roca Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда және аталған сала бойынша Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың біріне айналады деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, жобаға тартылатын инвестиция көлемі €70 млн-ды құрайды, ал кәсіпорынды іске қосу өңір тұрғындарын 300 жаңа жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік береді. Зауыт тек ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар өнімді шетелге экспорттаумен де айналысады деп күтілуде.

«Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін біз шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Өткен жылы Roca Group компаниясымен Қызылордада өндіріс орнын ашу мәселесін талқыладық. Компания санитарлық-техникалық бұйымдар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Roca Groupпен бірлесіп өндірісті бастау туралы негіздемелік келісімге қол қойылды», – деп атап өтті әкім.

Алдыңғы пост
Абай облысында мектеп оқушыларына арналған жазғы кәсіби бағдарлау лагерлері ашылды
Келесі пост
Шымкентте есірткіні жасырын таратқан азамат 7 жылға сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu