Зеленский Трамптан кешірім сұрады

68

Украина президенті Владимир Зеленский, 28 ақпанда Ақ үйдің кеңсесінде болған жағдай үшін, Дональд Трампқа кешірім хат жолдады. Бұл туралы Fox News эфирінде АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф хабарлады.

«Зеленский Президентке хат жолдады. Ол кеңседе болған барлық оқиға үшін кешірім сұрады. Менің ойымша, бұл маңызды қадам болды», – деді ол.

Уиткофф, жанжалдан кейін Зеленский мен Трамптың командалары көп пікірталас өткізгенін жеткізді. Американдық көшбасшының арнайы өкілі, бұл Вашингтон мен Киевтің қарым-қатынасындағы прогресс екенін атап өтті. Сонымен қатар, сирек кездесетін металдар туралы мәміле жасалады деп үміттенді.

Алдыңғы пост
Гүл сыйлағаны үшін сайлауға қатыса алмайды
Келесі пост
«Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметі тоқтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu