Жұмыстан босатылды: Спорт басқармасының басшыларын қорқытқан министр орнымен қоштасты

237

Өңірлік спорт басқармаларының басшыларын қорқытқан министр жылы орнымен қоштасты.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасындағы олқылықтарға байланысты алқа отырысын өткізген болатын. Ол өз сөзінде спорт саласындағы кемшіліктерге тоқталып, өңірлік спорт басқарма басшыларын сынған алған. Тіпті, осында отырған біраз адаммен қоштасамыз деген еді.

Алайда, министр, ауыз толтырып сөйлеген сөзінен соң, жылы орнымен ең алғашқылардың бірі болып өзі қоштасты. Өйткені, Президенттің жарлығымен  Ермек Маржықпаев жұмыстан босатылды. 

Ол, Тоқаев пен үкіметке алғысын білдірді.

“Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін. Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін”, – деді ол.

Айта кетейік, ҚР Туризм жəне спорт министрі Ермек Маржықпаев бұл қызметке 2023 жылы 2 қыркүйекте тағайындалған болатын.

Алдыңғы пост
Париж Паралимпиада: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
Келесі пост
Израильдықтар жаппай ереуіл жариялады. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu