43
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Ол, мүлдем жеңіліп көрмеген Француз Мануэль Нгамиссенгенді 5 раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Осы жеңісінен соң, жерлесіміз мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды.
«Канело», қайдасың? Мен орта салмақ королімін. Сен де өзіңді король санайсың ба? Ендеше әлемге екі корольдің айқасы қандай болатынын көрсетейік, — деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кәсіби бокс кеші, Астанада “Барыс Аренада” өтті.