283
Атырау облысы Индер ауданы Индербор елді мекені Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуде. Қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде деп хабарлады ҚР ТЖД.
Айта кетейік, Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды. Жұмыс жалғасуда. Ал, Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды.
Жалпы, еліміз бойынша, 51 506 адам өз үйлеріне оралды.
Республика бойынша 10 043 жеке тұрғын үй мен 3 242 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 17,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.