Жайық өзенінің бойында тасқынның екінші толқыны болады деп күтілуде

264

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысы тәуекел деңгейі бойынша бірінші орында тұр. Сондай-ақ Жайық өзенінің бойында тасқынның екінші толқыны болады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында су басу қаупі басым.

“Ресейден алынған жедел мәліметтер бойынша бүгінде Ириклинск су электр кешенінен секундына 1750 текше метр су төгілді. Судың Қазақстан шекарасына дейін жетуі – 15-20 тәулік. Максималды ағыс жылдамдығы секундына 5540 текше метрден жоғары болған жағдайда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында елді мекендерді су басу және судың ұлғаюы қаупі бар”, – деді Бозымбаев.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша  елімізде 3745 үй су астында қалды.  Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында 3 702 жеке тұрғын үй, 562 аула аумағы, 1 822 саяжай және әртүрлі мақсаттағы 73 ғимарат, сондай-ақ 155 автожолды су басып қалды.

Қазіргі таңда жоғары да аталған облыстарда еріген қар суын сору, инертті материалды қапшықтар төсеу, каналдардың, арық жүйелерінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Су басқан аумақтарда инфекциялық аурулардың өршу қаупі бар ма?
Келесі пост
11 жасар жасөспірімнің ауыз қуысында шаш өсе бастаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu