Жалған банкноттардың жалпы құны 43 млн теңге: Ақша айырбастамаңыз және валютаны «делдалдардан» сатып алмаңыз!

134

Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да, бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны «делдалдардан» сатып алмаңыз.

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізу фактісін анықтады. Алматының екі тұрғыны криптовалюта сатып алу желеуімен жалпы сомасы 32 700 АҚШ долларын құрайтын жалған шетелдік купюраны бірнеше рет сатқан.

Сот үкімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 5,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Агенттікпен жыл басынан бері, ел аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 100 теңге сомасына 141 купюра, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра анықталды.

Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы құны 43 млн теңгеден асады.

Жалпы, ағымдағы жылы жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Алдыңғы пост
Қарағандылықтардан 30 келіден астам есірткі және қару тәркіленді
Келесі пост
Мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау бойынша 21 қылмыстық іс тіркелген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu