37
Жуалы ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында бірқатар білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу бойынша заңбұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, ауданның 7 мектебінде 930 бала жыл басынан бері арнайы медициналық тексеруден өтпеген. Бұл – олардың кепілдендірілген медициналық көмек алу құқығының бұзылуы.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін балаларды тексеру жұмыстары басталып, жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.
Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жалғастыратынын хабарлады.