Жамбыл облысында діни радикализммен айыпталған 4 тұлғаға қатысты үкім шықты

21

Ағымдағы жылдың басында Бірлесу Еңбек ауылында Жамбыл ауданы прокуратурасының нұсқауы негізінде полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері діни алауыздықты нәсихаттайтын әдебиеттерді таратумен айналысып келген 4 адамнан құралған адамдар тобын құрықтады деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Аталған тұлғалар ел аумағында тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған. Күдікке ілінген тұлғалардың үй жайларына тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тиым салынған материалдар тәркіленген. Ағымдағы жылдың маусым айында Жамбыл аудандық сотымен жоғарыда көрсетілген тұлғалар ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (діни алауыздықты қоздыру), әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Сот үкімдері заңды күшіне енді.

Прокуратура органдары әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындағаны немесе таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.

 

Алдыңғы пост
Елімізде волонтерлер белсенділігі артып келеді
Келесі пост
Кипрде орман өрті өршіді: 10 мың гектардан астам аумақты өрт шарпыды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu