Түркістандық әйел құрбысының тойға деп алған алтынын үптеп кетті

Теги:
351

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны өз құрбысының құрбаны болды. Жәбірленушінің айтуынша, үйіне келген құрбысы екі алтын сақинасын ұрлап кеткен. «Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті анықталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Айғақты заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Тексеру кезінде анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші жақын құрбылар. Жәбірленуші әйел танысына алдағы болатын тойға алған алтындарын көрсеткен. Осы сәтте күдікті әйел алтын бұйымдарды көріп болған соң оны қорабына салып қойғандай кейіп танытып, ұрлап алған екен.

Алдыңғы пост
Бәйдібек ауданында тұрғын үй шатырынан заңсыз қару табылды
Келесі пост
Атырауда жедел жәрдем көлігі мен «Toyota Land Cruiser» соқтығысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu