Жамбыл облысында фельдшер кеуде тұсынан оқ жарақатын алды

23

Оқиға 10 шілде күні таңертең Байзақ ауданындағы орталық ауруханасында орын алған.

Байзақ ауылының 25 жастағы тұрғыны, 27 жастағы фельдшер танысының жұмыс орнына келген. Ол одан дефибриллятордың қалай жұмыс істейтінін көрсетуін сұраған.

Алайда, фельдшер бұл өтінішті орындаудан бас тартқан, соның салдарынан екеуінің арасында жанжал туындап, ауыл тұрғыны медициналық қызметкерге травматикалық қарудан оқ атқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр екенін жеткізді.

«Науқастың диагнозы – сол жақ кеуде қуысы, алдыңғы қабырғасының оқ жарақаты, ішкі органдар зақымданбаған. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. Науқас динамикалық палатада бақылауда. Жағдайы нашарлаған жоқ», – деп хабарлады.

Жергілікті полиция департаменті бұл фактіні растады.

Алдыңғы пост
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылдан бастап ұялы деректер негізінде цифрлық статистикаға көшеді 
Келесі пост
Қарттар үйінде тұратын қария қажылыққа жинаған ақшасын сырқат балаларға таратып берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu