112
Тараз қаласында, жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық белгілері бар. Оқиға, сегізінші қараша күні орын алған. Ал, нәзікжандылардың өліміне кінәлі деген күдікпен 28 жастағы азамат ұсталған.
Көршілерінің айтуынша, екі азаматша жарты жылдан асық сол пәтерде тұрған. Бірақ, ешқандай шағым болмаған. Тек, үй иесі пәтерінде тіркеуге тұрмаған адамдарға жалдауға бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенек, марқұмдардың бірі – 46, ал екіншісі 54 жаста болған.
Айта кетейік, күдікті уақытша қамау изоляторына жабылды. Ол, бұрын соңды сотты болмаған. Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізілуде.