Белгілі қазақстандық боксшы, жартылай орта салмақта IBO чемпионы, WBA Gold титулының иегері Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылып отыр. Қазіргі таңда, бұл фактімен қылмыстық іс қозғалған.
“Арыз бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде 19 тамызда полицияға 28 жастағы қыздың пәтерде зорлау туралы арыз түсіргені туралы ақпарат тараған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста 28 айқас өткізіп, барлығында жеңген. Оның ішінде 20 спортшыны нокаутқа түсірген.
All Stars Boxing промоутерлік компаниясы ның мәліметіне сәйкес, Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізуі керек. Жұдырықтасу 28 қыркүйек “Алматы Аренада” өтеді деп жоспарланған. Бұл айқаста Жанқошқа тиесілі IBO және WBA Gold титулы сарапқа салынады.