23
Алматыда жасырын есірткі зертханасының жолы кесілді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Ұсталғандар Алғабас ықшамауданында жеке үйді жалға алып, оны синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған. Тінту барысында аса ірі мөлшердегі 5 келіден астам а-PVP есірткі заты тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыру барысында қылмыстық схеманың басқа да қатысушылары анықталып, ұсталды. Олар есірткі дайындаушылар, интернет-ресурс курьері және есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкеннің иесі, яғни ұйымдастырушы. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда»,- деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.